Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:11, 19 Сәуір 2024

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар өтемақыны қалай алады?

у
Фото:

ҚР Үкіметі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстары туралы айтты. 

Ведомства мәліметінше, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер береді. Бүгінгі таңда 16 343 өтініш қабылданған.

Биылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2787 отбасы шамамен 2,4 млрд теңге сомасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Келтірілген материалдық шығын үшін өтемақы көлемі 565,7 млн теңгеге жетті. Бұл қолдау шарасы 1377 отбасын қамтыды, делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3053 тұрғын үй тексеріліп, 1807 нысан бойынша бағалау жүргізілді. Сонымен қатар, 206 отбасы 254 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге төлем алған.

Фото:primeminister.kz

Тегтер: