15:49, 09 Қазан 2024
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тағы 6 ай тыйым салынады
ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын әкетуге тағы алты ай мерзімге тыйым салынатынын мәлімдеді.
Елдің ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а. 2024 жылғы 2 мамырдағы №185 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген болатын. Бүгінгі таңда ҚР Энергетика министрлігі аталған шараны тағы 6 айға ұзарту жоспарланып отыр, делінген хабарламада.
Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталына орналастырылды.