17:41, 06 Қыркүйек 2024
Тағы бір пара дзюдошы алтын медальға таласады
Пара дзюдодан Ерғали Шәмей алтын медальға таласады.
Ол Паралимпиада ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті.
Ерғали Шамей, J1 санатында 73 кг дейінгі салмақта өнер көрсетіп, пара дзюдодан финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол Германиядан келген қарсыласын иппонмен жеңді, делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Қазір Паралимпиададан Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде бар.