Live

Талдықорғанда қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Жетісу облысында 39 жастағы тұрғын кәмелетке толмаған қызына ұзақ жылдар бойы жыныстық зорлық көрсеткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

1

Сот дерегіне сәйкес, биыл жазда 15 жастағы қыз анасына әкесінің өзіне бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылық көрсетіп келгенін айтып берген. Тергеу барысында ер адам өзінің тұңғыш қызына қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасағаны анықталған.

Сот үкімі

Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Бақыт Ермаханов үкімді жариялап, айыпталушыны кінәлі деп таныды.

«Сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (“Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер”) бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ оған білім беру саласында жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынады», – деді судья.

Сонымен қатар сот айыпталушыға химиялық кастрация жасау туралы шешім қабылдады.

Белгілі болғандай, сотталған ер адам — орта білімді, жұмыссыз, төрт баланың әкесі.
Қызынан зорлық көргенін айтқан соң іс бірден тергеуге алынып, сотқа жолданған.

Тегтер: Сот
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз