Қоғам

Талдықорғаннан Өскеменге апаратын жол қолданысқа тапсырылады

Талдықорғаннан Өскеменге апаратын республикалық маңызы бар жол қолданысқа тапсырылады. Бұл туралы көлік министрлігі мәлімдеді.

Жол

Жол еліміздің үш өңірін Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстырады. 

Жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын жолға толығымен асфальт төселді. Мамандар 40 көпір мен 6 өткел құрылысын аяқтады. Бірқатар учаске биыл жазда пайдалануға беріледі. Жоба аясында Қойлық, Балапан, Шынқожа елді мекендері мен Аягөз қаласының айналма жолдары салынды, делінген хабарламада.

Жолдың 16 учаскесінде 1 мыңға жуық маман мен 600 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Үшарал қаласының маңындағы көлік айрығындағы құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын. 

Жалпы нысанды толық аяқтап, халық игілігіне тапсыру 2024 жылдың соңына жоспарланған.

Тегтер: жол желісі
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз