Талдықорғанның жолын Өскеменнің түрмесі жасайды
Тендерге түзетумекемелері де түсе алады екен.Талдықорғанжолдарын енді түзету мекемесі жөндейтін болады.
Алматы облысының әкімшілік орталығындағытозығы жеткен көшелерге жөндеу жұмысын Өскемендегі түзету мекемесі жасамақ. Тапсырыс беруші Талдықорғанавтомобиль жолдары бөлімімен тікелей келісім-шартқа қол жеткізген Қылмыстықатқару жүйесі комитетіне қарасты — “Еңбек-Өскемен” түзету мекемесі екен. 16шақырымға жетер жетпес жолдың құны – 538 миллион теңгеге жуықтайды. Мемлекеттіксатып алудағы мұндай өзгерістер Талдықорған тұрғындарын да таң қалдырып отыр.
Мамыр айынан бастапТалдықорған жолдарын жазасын өтеп жатқан қылмыскерлер жөндейді деген хабардыестіген қала тұрғындары ғаламторда наразылықтарын білдіре бастады. Әсіресе,мемлекеттік сатып алуға мердігер ретінде шығыстағы түзету мекемесі қатысып,жолды жамайды деген жаңалық көптің көңілінен шыға қоймады.

«Ата-ана болғаннан кейін ол балалар үшін өте қауіпті депсаналады. Әркім солай санауы керек. Себебі, ол адамдар босқадан-босқа, жәйнәрсе үшін темір тордың арғы жағында отырған жоқ. Сондықтан ондай адамдар емес,арнайы жұмыскерлердің жасағаны дұрыс болады», — дейді Талдықорған тұрғыны Ләззат ӘДІЛБАЙҚЫЗЫ.
Тапсырыс берушілер болса бұл алаңдайтындаймәселе емес деп отыр. Сөздеріне сенсек, «Еңбек-Өскемен» түзету мекемесіталдықорғандықтар үшін жақсы таныс. Былтыр ғана қаладағы 35 шақырым жолғажөндеу жұмыстарын жасаған. Тек ол туралы ешкім білмей қалған сияқты. Дегенмен,тапсырыс беруші әкімдік өкілдері аталған жұмысқа жазасын өтеп жатқандардың еш қатысыжоқ деп отыр.

Әйгерім ӘРІНОВА, қалалық автомобиль жолдары жәнежолаушылар көлігі бөлімінің маманы: «Мемлекеттік сатып алу туралы заңның39-бабы, 3-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қылмыстық-атқару жүйесімекемелері қатыса алады. Бірақ, жұмыстарды бас бостандығынан айрылған адамдаржүргізбейді. Яғни, жұмыстар тек мемлекеттік сатып алуды ұтып алған мемлекеттіккәсіпорын тарапынан жұмысқа жалданған адамдар мен техника қолдана отырып жүргізіледі.»
Демек,Талдықорғандағы 2 шағын аудан мен 8 көшенің орташа жөндеу жұмысына жауаптытүзету мекемесі болғанмен, жүзеге асыратындар жазасын өтеушілер емес. Екі-жақтыкелісім-шартта көрсетілгендей қылмыскерлерді түзеу мекемесі суб-мердігерретінде бостандықта жүрген кез келген жұмысшыны жалдай алады екен. Ал, түзетуколониясының мердігер ретінде тендрге қатысуына мемлекеттік сатып алу туралызаңның өзі мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан біздегі түрмелердің ендіқылмыскерлерден басқа да бас қатыратын шаруалары артқанын атап өтпеске болмас.
Фотолар автордікі.