Әлеумет

Ташиевтің екі бұрынғы орынбасары ұсталды

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарлары Тимур Шабданбеков пен Даниэл Рисалиев ұсталды. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап, Kaktus.media хабарлады.

1

Тимур Шабданбеков қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Осындай айыппен ҰҚМК-ның тағы алты қызметкері ұсталғаны айтылып отыр.

Ал Даниэл Рисалиев 13 сәуір күні жемқорлық күдігімен қолға түскен. 24.kg басылымының мәліметінше, Бішкек қаласының Бірінші Май аудандық соты оны 11 маусымға дейін үйқамақта ұстау туралы шешім шығарған.

Еске салайық, Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетін 2020 жылдан бері басқарып келген Қамчыбек Ташиев 10 ақпанда қызметінен босатылған еді. Сол күні оның орынбасары Даниэл Рисалиев те жұмыстан кеткен. Ал тағы бір орынбасары Тимур Шабданбеков бір аптадан кейін, 17 ақпанда қызметінен кеткен болатын.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ташиевтің қызметтен босатылуын қоғамда тұрақсыздықтың алдын алу қажеттілігімен түсіндірген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз