Теміртауда сайлаушылар дауыс беруге Одиссей мен Пенелопа бейнесінде келді
Теміртау қаласындағы №262 сайлау учаскесінде ерекше киінген сайлаушылар жұрт назарын аударды. Олар дауыс беруге ежелгі грек мифологиясындағы Одиссей, Пенелопа және Телемахтың бейнесінде келген.
Бұл туралы Қарағанды облысының сайлау комиссиясы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Жарияланған кадрлардан Одиссейдің бейнесіндегі ер адам мен оның жанындағы Пенелопа және Телемах кейпіндегі сайлаушылардың сайлау учаскесіне келгенін көруге болады. Оларды грек этномәдени бірлестігінің өкілдері ұлттық киіммен сүйемелдеген.
«Теміртау қаласында №262 сайлау учаскесінде сайлаушылар Одиссей, Пенелопа және Телемах бейнесінде дауыс беруге қатысып, грек ЭКО мүшелері ұлттық киімдерімен сүйемелдеді», – делінген комиссия хабарламасында.
Айта кетейік, Одиссей, оның әйелі Пенелопа және ұлы Телемах – Гомердің «Одиссея» эпосындағы негізгі кейіпкерлер.