TezJet ұшағы Бішкек әуежайына апатты жағдайда қонды
Қырғызстан астанасындағы «Манас» халықаралық әуежайында TezJet әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды.
«Қырғызстан әуежайлары» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қону кезінде ұшақтың алдыңғы шассиі зақымданған. Әуежай өкілдері оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Оқиғадан кейін әуе кемесіндегі барлық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Бірнеше адам жеңіл жарақат алып, денелері сырылған.
Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.