Баған

Тіл мамандары «Жас Алаш» арқылы пікір алмасуда

Қазірқоғамда латып әліпбиіне қатысты ойлар жиі қаузалып жатқан тұс. Осыған орай «ЖасАлаштың» басылымының сайты арқылы А.

Тіл мамандары «Жас Алаш» арқылы пікір алмасуда

Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары өз ойларын білдіріп, латын әліпбиіне қатыстыашық пікірталасқа түсуді жөн көрді. Кеше сайтымызға

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл біліміинститутының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Құралай Күдеринованың «И мен у: қайтпеккерек?» бірге ойланайық» атты мақаласы жарық көрді. Мақаласының соңындазерттеуші: «Құрметті әріптес! Сөз болған мәселеге жанашырлықпен қарап, даудыңқайырлы шешілуіне пікіріңізді білдірсеңіз», –деген болатын. Міне, бүгін аталмышинтитут маманы,  А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімініңмеңгерушісі, филология ғылымының докторы Жұбай Орынай сол мақалаға жауапретінде ойын жазып отыр. Ендеше төмендегі мақалаға зер салайық:

У мен й дауыссыздары – қазақ тіл білімінің тарихында ең ұзақ талқыланған,бірнеше рет басы ашылып, нүктесі қойылса да, «қазаны оттан түспей келе жатқан»мәселенің бірі. Профессор Қ.Күдеринованың «И мен у: қайтпек керек?» біргеойланайық» атты мақаласы да осы мәселеге арналыпты. Мақаласының соңындазерттеуші: «Құрметті әріптес! Сөз болған мәселеге жанашырлықпенқарап, даудың қайырлы шешілуіне пікіріңізді білдірсеңіз», – деген екен. Осығанбайланысты өз пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік.

Ең алдымен, қазақ тілінде дауысты у,и дыбыстары жоқ. Қазақ тіліндегі у мен й –дауыссыз. Сондықтан Қ.Күдеринованың  «қазіргі «и»мен «дауысты у» әрпінің жаңа әліпбидегі таңбасы y және w әріптері болса, не болады?» депмәселе көтеруінің өзі қисынсыз. Себебі дауыссыз дыбыстарды табиғатына сай (у мен w әріптерімен) таңбалаудың еш сөкеттігіжоқ. Тілдің табиғаты соны керек етеді. Керісінше, дауыссыз дыбысты дауыстыдыбыстың таңбасымен берсе, әбестік болар еді. Сондықтан зерттеушінің «бұлар (у мен w әріптері) дауыссыз дыбыстың таңбасы болғандықтан алдынанміндетті түрде дауысты дыбыс қосылып жазылады», – деп шошуының себебін детүсінбедік. Дауыссыз дыбыстың алдынан дауысты дыбыстың келуі – заңдылық. Керісінше,екі не одан да көп дауыссыздан құралған сөз не буын болмайды. Сол сияқты өңкейдауыстыдан ғана құралған сөз болмайды. у мен йдауыссыздарын дауысты ретінде таңбалайтын болсақ, ау, ай, айы, ауа, әуе, айу, әуейі, айауы, ойауы сияқты сөздер текдауыстылардан ғана тұратын болады. Бұл да тілдің табиғатына қайшы. Екіншіден, профессор А.Жұбанов, А.Жаңабекова,Д.Тоқмырзаевтардың «Қазақ жазуын латын қарпіне көшірудің статистикалықнегіздері» атты (2018 ж.) еңбегіне сүйене отырып, и әрпінің кездесу жиілігі24-орында, у әрпінің жиілігі 19-орында тұрғанын (у әрпі жиі қолданылатын 19 әріптің қатарында тұр – Қ.К.) айтады да:«Дегенмен, қимыл есімнің қолданылуын есептемегенде, статистикалық мәлімет и мен у әрпі жазылатын сөздер жалпы жиіемес екенін көрсетті», – деп тұжырымдайды. Түсінбей отырғанымыз: у мен й әріптері жиі кездеспейтін болса,оларды дыбыс жүйесіне сәйкес таратып жазудан неге қашамыз?

Қ.Күдеринованың«… Жоғарыда көрдіңіздер, 300-400 сөзден тұратынмәтін ый,ій, ұу, үу дыбыстарынжазып, «жайылып» кете қоймайды екен. Тек жазарман қай әріпті жазатынын ойланып,дағдарып қалуы мүмкін екен. Жазу автоматизмі бұзылады» деген сөзін де түсінеқою қиын. Себебі латын жазуына көшкен жағдайда автоматизм сөзсіз бұзылады. Тілдіксанадағы сөздердің таңбасы өзгеріп кетеді, сондықтан сөздерді асықпай оқып,компьютерге де жайлап теретін боламыз. Бірте-бірте олар көзшалымда жатталып, әрсөздің тұрпаты фото тәрізді қабылданады. Жазу автоматизмі й, у дыбыстарына ғана қатысты емес,тұтастай бұзылады.  Ол туралы А.Байтұрсынұлы, Е.Омарұлы еңбектерінде десөз болған.

Зерттеуші Қ.Күдериновамақаласында А. Байтұрсынұлының 1914 жылы жазған «Тіл –құрал» (Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. 151-б.), 1920 жылы жарық көрген«Баяншы» атты еңбектеріне (Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. 327-б.)сүйенеді. А. Байтұрсынұлының  ұстанымдарын,тұжырымдарын түсіну үшін ғалымның мұрасын тұтас алып қарастырған жөн. Себебі 1924жылы Орынборда өткен Қазақ білімпаздарының сійезінде де, кейінгі жылдары жарықкөрген «Тіл – құралдарында» да, әзірше емлеге қатысты соңғы мақаласы ретіндетанылып жүрген «Емле туралы» атты мақаласында да ғалым Қ.Күдеринова көрсеткенұстанымдардан бас тартқан (Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдықмұрасы. – Астана, 2017. – 740 б.). 1924 жылы Орынборда өткен білімпаздар сійезінде А.Байтұрсынұлы аяғы «ұу», «ыу», «ый» болып тынатын сөздерді қай жағынантексергенде де «у» мен «й» дыбыстарын дауысты деуге болмайтынын, екеуінің дедауыссыз екенін дәлелдейді. Ғалым «Қазақ тілінде дауысты ұзын «у» мен «и»-діңжоқ екенін  мойындаған соң «ыу»,«ұу»-лардың орнына жалғыз «у» жазамыз» деудің түк қыйсыны жоқ. Мұнан бұлай «у»мен «й»-дің жазылуын дыбыс жүйесіне келтіріп, дұрысынша жазуымыз керек. Онанқашып, тілдің заңына келмейтін шатақ ереже шығарудың жөні жоқ, ондай ережежазуды ауырлатпаса, жеңілдетпейді» деген тұжырым жасайды. 1929 жылғы 27наурызында «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған «Емле туралы» атты мақаласындада й, у дауыссыздарын дыбысжүйесінше жазу керектігін айта келіп: «Асыу», «алыу», «барыу», «келіу» деген сөздерді «сұу», «шұу»,«тұу»  деген сияқты етіп, аяғына«ұу»  келтіріп жазамыз деушілербар. Тіпті жалғыз ғана «у»  келтіріпжазамыз деушілер бар. Олардың бәрі де – жете тексермегендіктен айтылып отырғансөздер», – деп тұжырымдайды.

Яғни Ахмет Байтұрсынұлыбітеу буында ы, і дыбыстарынтаңбаламау туралы ойын кейін өзгерткен. Ал Құдайберген Жұбановтың 1935 жылы«Орталық комитеттің тоқпағымен» жазылған еңбектерін басшылыққа алу да ТәуелсізҚазақстанның ғалымдарына сын болары анық.

Зерттеуші ауытқиды түрінде жазылып жүрген сөздерді елдің «ауытқыйды деп,шатастырмай, қате жібермей жазып» кететініне күдікпен қарайды. ҚР ҰҒА академигі Рәбиға Сыздық 2018 жылы«Қазақ әдебиеті» газетінің бірнеше санында жариялаған «Латын жазуы: емлеережелерін түзуде ескеретін жайттар» атты мақаласында (Қазақ әдебиеті. — 2018. — 14-20 қыргүйек (№ 36). – 12-б.; 28 қыргүйек-4 қазан (№38). — 19-б.; 5-11қазан (№39). – 19-б.): «Йы, йі дыбыстарынабіткен етістіктерге көсемшенің -ый/-ій жұрнағы жалғанғанда ый, ій әріптерінің орнына жалғыз й әрпіжазылады. Мысалы: байы + й – байый (Біздің ауыл жылдан жылға байый бермек),байыймын, байыйсың, байыйды (және осылардың көпше түрлері), байыйтын; кейі+й – кейій (Сен оған кейійберме), кейіймін, кейійсің, кейійді, кейійтін; ұйы + й(ды) – ұйыйды (Сүт тезұйыйды), ійі + й(ді) – ійійді (Бұл сиыр тез ійійді)», – деп жазған болатын.

Көсемше жұрнағы етістікке ғана жалғанады, сын есімге небасқа сөз таптарына жалғана алмайды. Егер бай+и,кем+и түрінде жазатын болсақ, көсемше жұрнағы сын есімге жалғанған болыпшығады. Бұл – тіл заңдылықтарына қайшы. Оның үстіне көсемше қосымшасы дауыссыздыбыстардан кейін -а, -е түріндеғана жалғанады: келе(ді), бара(ды),көре(ді), айта(ды), жата(ды), отыра(ды), т.с.с. Қазақ тілінде дауысты и дыбысынан келетін көсемше жұрнағыжоқ. Көсемшенің жұрнағы дауыстыдыбыстардан кейін ғана жалғанады: ауытқый(ды),қарай(ды), сайрай(ды), сөйлей(ді), т.с.с. Ендеше, көсемшенің жұрнағы жалғану үшін алдыңғы дыбысміндетті түрде дауысты болуы керек, яғни ы,і дыбыстары түсірілмеуге тиіс.

Қазақ тіліндегі ең кіші бірлік – буын. Сондықтан тұйықетістіктің қосымшасы – -ұу/ -үу, -ыу/-іу (соңғы сыңар А.Байтұрсынұлы ұстанымдарына сәйкес беріліп отыр).  Бұл қосымшалар сөз дауыссызға біткендетұрпатын сақтап жазылады да дауыстыға біткен жағдайда қазақ тілінің заңдылығыбойынша қосымшаның құрамындағы дауысты түсіп қалып, түрінде жалғанады. Әдетте «у» мен«й»-дің жазылуын дыбыс жүйесіне келтіріп, дұрысынша жазуға қарсы зерттеушілербұл таңбалардың дауыссыздан кейін келетін тұстарын көбірек көрсетеді: жыйналыс, ыйық, ыйағный, кійім, ійірім, бій, ұуыс,сұуық, барұу, сыйынұу, кійінүу. Көпшілік мұндай сөздерді неше жыл бойы жалғызтаңбамен жазып келгендіктен, шошына қабылдайды. Анығында, «у» мен «й»дауысты дыбыстардан кейін жалаң түрде (дауыссыз болғандықтан) жазыла береді: ай, ауа, қайың, жауын, қауын, жайын, ағай, арай,тау, жау, бау, бай, т.с.с.

Қазақ тілінде оқ,ір, су, мой, шір, тас, жас, қас, тор, құр (құры-ның түбірі) деген етістіктер жоқ екені бәрімізгебелгілі. Ендеше, ол сөздер қалайша көсемше қосымшасын қабылдайды? Тіліміздіңтарихына жүгінсек, оқы, ірі, суы, мойы,шірі, тасы, жасы, қасы, торы, құры сөздерінің құрамындағы -ы/-і қосымшалары әу баста сөзжасамдық жұрнақ болған. Қазіргі кездетүбір ретінде танылғанмен, диахрондық тұрғыдан алғанда, жоғарыда келтірілгенсөздерді (оқы, ірі, суы, мойы, шірі, тасы, жасы, қасы, торы, құры) түбір мен қосымшағажіктеуге болады. Ал -ы/-і қосымшалары оқ, ір,су, мой, шір, тас, жас, қас, тор, құр сөздерінен етістік тудырған. Сол себепті бұл сөздеркөсемше қосымшасын қабылдайды. Бүгінгі таңда байы, кемі, т.с.с. етістіктердің құрамын морфологиялық тұрғыданталдасақ, түбірі бай, кем сынесімдері екені анық көрінеді. Бұл сөздер қазіргі кезде түбір күйінде деқолданылып келеді. Бай, кем сынесімдері -ы/-і қосымшалары жалғануарқылы етістікке айналып, содан соң ғана көсемше жұрнақтарын қабылдайды. Яғнижоғарыда келтірілген сөздердің бәрінде ы,і – есімді етістікке айналдыратын сөзжасамдық қосымшалар. Сөзжасамдыққосымшаларды түсіріп тастауға болмайды.

Бүгінде ауытқи, ауытқу, оқи, оқу, іри, іру, суи,суу, мойи, мойу, шіри, шіру, таси, тасу, жаси, жасу, қаси, қасу, тори, тору,құри, құру, т.с.с. түрінде жазылыпжүрген етістіктердің болымсыз түрі ауытқымай, ауытқымау, оқымай, оқымау, ірімей,ірімеу, суымай, суымау, мойымай, мойымау, шірій, шірімеу, тасымай, тасымау,жасымай, жасымау, қасымай, қасымау, торымай, торымау, құрымай, құрымау, т.с.с. болып таңбаланады.Яғни сөздің соңындағы ы, і дыбыстарысақталып жазылады. Ендеше, туынды сөз жасап (етістік тудырып тұрған) қосымшаныболымсыз тұлғада толық жазып, болымды тұлғада түсіріп тастау қаншалық қисындыболады? Әлде бірте-бірте бұл сөздерді де аутқмай, аутқмау, оқмай, оқмау, рмей, рмеу, сумай, сумау, моймай, моймау,шрй, шрмеу, тасмай, тасмау, жасмай, жасмау, қасмай, қасмау, тормай, тормау, құрмай,құрмау, т.с.с.

 «у» мен «й»-дің жазылуын реттеудеАхмет Байтұрсынұлы: «Естілсе «ы» жазылады, естілмесе жазылмайды. Даулы болса, өлең арқылы ашылады», – дептұжырымдайды. Бұл қағидатты қазіргі кезде де ұстануға болады. Ал профессорҚ.Күдеринованың «жазылмағандаайтуға зиянын тигізбейтін тұстарда түсіріпжазуға болады» деген ұстанымылогикаға сыймайды. Себебі тілімізде мұндай сөз өте көп: мылтық, қысық, келтірінді, кісілік, ізгілік, қырын, қысым, мігір,тігін, тізгін, қыдыр, қырық, қыңыр, т.с.с. Сонда бұл сөздердің бәрін «жазылмағандаайтуға зиянын тигізбейтін тұстарға» жатқызатын болсақ, тіліміз не болады? Орфографиялық сөздіктегі ауылшаруашылық, арашаруашылық, бұғышаруашылық, егіншаруашылық,малшаруашылық, орманшаруашылық, сушаруашылық, түйешаруашылық, халықшаруашылық,шаруашылықаралық, алмаағаш, т.с.с. сөздерге қарап, сол сөздікті құрастырушылардыңбірі – профессор Қ.Күдеринованың «у» мен «й»-ді дыбыс жүйесіне келтіріпжазғанда  «сөздердің тұрпаты өзгеріп,ұзарып кетеді», «жазу экономиясысақталмайды» деген ұстанымының байыбына жету қиын.  

Сонымен, ұлттың негізгі коды –тіліміздің ішкі заңдылықтарын бұзбай, шынайы болмысын сақтап қалуға тырысуымызқажет. Саясаттың ықпалымен өзгеріп кеткен, басқа тілдің жетегінде кеткен тұстарынтүзетуіміз қажет. Дауыссыз дыбыс өзіне лайық таңбамен белгіленуі керек. Басқашаайтқанда, дауыссыз дыбысты дауысты дыбысты таңбалайтын әріппен беруге болмайды.

Жұбай Орынай

А.Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институты

Грамматика бөлімініңмеңгерушісі,

филология ғылымының докторы

   

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз