Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:34, 24 Наурыз 2024

ТЖМ қар құрсауында қалып қойған тағы үш адамды құтқарды

ТЖМ
Фото:

Жылда қыс маусымы сайын Алматы тауларында адамдар қар құрсауында қалып қояды. Биыл да Алматы облысында қар құрсауында адамдар қалып қойып жатыр.

 Айналасы тоғыз күннің ішінде Алматы облысында қар құрсауында қалып қойған алты адам қалып құтқарылды. Оларға құтқарушылар дер кезінде көмекке келіп, жақын маңдағы ауылға эвакуациялаған.

Белгілі болғандай 24 наурыз күні сағат 05:30-да Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне Алакөл ауданында Үшбұлақ-Қабанбай тас жолының 32-ші шақырымында үш адамның қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар аталмыш орынға дер кезінде жеткен.

«Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді. Қар құрсауында екі ер адам мен бір әйел болған Toyota Ipsum көлігі қалып қойғаны белгілі болды. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қабылдаған шаралардан кейін Қабанбай ауылына үш ересек адам эвакуацияланды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді», - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бір апта бұрын да Алматы облысындағы таудан үш адам құтқарылған болатын. Ол кезде де Алматы-Кеген тас жолының Кеген ауылынан жетпіс шақырым жерде жолаушылар көлігінде 2004 жылғы шымкенттік үш жігіт Көлсайға бара жатып қар құрсауында қалып қойған. Оны облыстық ТЖД құтқарушылары дер кезінде құтқарған болатын. Құтқарушылар азаматтарды эвакуациялап, Кеген ауылына жеткізген еді. Бұл туралы біз кеңірек жазған едік.

Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалып қойғанда не істеу керегін мәлімдеген болатын.

Жыл сайын қыс мезгілінде тұрғындар тек төмен температураның әсерінен ғана емес, сонымен қатар қар көшуі, боран, табиғат құбылыстардан зардап шегеді сонымен бірге тауға шығып, қар құрсауында қалып қойып жатады. Қолайсыз экологиялық жағдайлардың құрбаны болмау үшін белгілі бір климаттық фактор болған жағдайда бірқатар ережелерді білу қажет.

Біріншіден, таулы аймақта алыс жолға жүрер болсаңыз өзіңізбен бірге қар тазалауға арналған құралдарды алып алған жөн. Дұрысы көлікпен ұзақ сапарлардан бас тарту керек. Егңр көлікпен шығып қар құрсауында қалсаңыз немесе көлік бұзылған жағдайда үзік-үзік дыбыстық сигналдармен дабыл беру керек, капотты көтеріп немесе антеннаға жарқыраған матаны іліп, көмекті көлік ішінде ғана күту керек. егер көліктен шығар болсаңыз құтқарушылар көрінетін аймақта тұру керек. Сонымен бірге, жылуды үнемдеу шараларын қабылдап және азық-түлік қорын үнемді пайдалану да маңызды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ұзақ сапарға шығар алдында «112» қызметі әлеуметтік желілер мен «Дәрмен» қосымшасы арқылы жолдаған дауылды ескертулермен және жолдың жабылуы туралы ақпаратпен танысуыңызды сұрайды.

Тегтер: