Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:54

Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденінің II дәрежесімен марапаттайды

Михаил Шайдоров
Фото: РИА Новости

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған Михаил Шайдоровты құттықтады.

Құттықтау жеделхатында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль – тарихи маңызы зор, орасан жетістік екені атап өтілген.

Президент Михаилға жоғары кәсібилігі мен жеңіске деген қайсар ерік-жігері үшін алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жетістікпен тек спорт жанкүйерлері ғана емес, барша Қазақстан азаматтары мақтанатынын ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты «Барыс» орденінің II дәрежесімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар жаттықтырушылар құрамына, Мәнерлеп сырғанаудан федерацияға және салалық министрлік басшылығына атқарған жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.