Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:49, 19 Маусым 2024

Тоқаев журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандық туралы айтты

Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Тоқаев аталған оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберу туралы тапсырма бергенін айтты.

Елімізде Заң үстемдігін нығайтып жатырмыз, яғни барлық салада, ең алдымен, Заң үстемдігін қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – айқын. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Қазақстанда Заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет. Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн. Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бердім. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін айтқым келеді, – деді Президент.

Айта кетейік, Украина Ұлттық полициясының баспасөз қызметі Киевте қазақстандық журналистің көлігіне белгісіз адам оқ жаудырғанын хабарлады.

Ал, Садықовтың әйелі Наталья Садықова қастандыққа Қазақстан билігінің қатысы бар деп санайтынын айтқан.

Айдос пен Наталья Садықовтар «BASE» YouTube арнасының негізін қалаушылар. Аталған арнада журналистер Қазақстан билігі мен олигархтарды сынға алады.