Әлеумет

Тоқаев Саят Исановты Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады

Тиісті өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саят Исановты Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметіне тағайындады. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Саят Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Саят Исанов подполковник шенінде Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған.

Еске салайық, бұған дейін Татьяна Савельева Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.

Тегтер: армия
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз