Саясат

Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Іссапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы әлеуметтік нысандарды аралап көреді

Бұдан бөлек, Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз