Саясат

Трамп Иранды он жыл бойы электр жарығысыз қалдырамын деп қорқытты

АҚШ президенті Дональд Трамп электр станцияларын жою арқылы Иранды он жыл бойы электр қуатынсыз қалдырумен қоқан-лоқы көрсетті.

Трамп

«Біз оларға соққы бере аламыз. Солай жасаймыз, сіздер он жыл бойы жарықсыз қаласыздар», — деді ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

Америка президентінің айтуынша, егер АҚШ мұндай соққы жасаса, Иранға барлық электр станцияларын қайтадан салуға тура келеді. Сондай-ақ ол Құрама Штаттар Ирандағы көпірлерді де жоюға дайын екенін айтты.

11-12 сәуір күндері Исламабадта АҚШ пен Иран делегацияларының кездесуі өтті. Америкалық делегация құрамында вице-президент Джей Ди Вэнс, арнайы өкіл Стив Уиткофф және Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер болды. Иран тарапынан парламент төрағасы Мұхаммед Бақир Ғалибаф пен Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи қатысты.

Келіссөздерден кейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Иран Америка тарапының шарттарын қабылдамағанын және ядролық қару жасау ниетінен бас тартқысы келмейтінін мәлімдеді. Ал Иран СІМ тараптар екі-үш мәселе бойынша келісімге келе алмағанын хабарлап, келіссөздердің жалғасатынына сенім білдірді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз