Баған

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Кәдуілгі жұмыс күні. Жұмысқа келе сала елімізде болыпжатқан тұрақты (әрі тұрақсыз) ахуалменен танысатын әдетіме салып біріншікезекте (иә, екінші немесе соңғы, жай ғана бос уақытта емес жұмысқа кіре сала)«Жас Алаш» газетінің сайтын қарадым.

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Көзсалсам, басты беттегі бірінші мақала «Бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ»тақырыбымен жарияланған екен. Оқи жөнелдім. Әрине, редакция «автордың көзқарасы редакцияның ұстанымынбілдірмейтінін» ұмытпай жазған екен.

Сонымен,«Демос» ҚБ-төрағасыТұрарбек Құсайынов мырзаның аса дәріпсіз мақаласы туралы ой қозғап көрсек.Ананы, мынаны жазып Құраннан дәлел келтіріп мақаланы жазып шыққан екен. Шыны керек, бұлазаматты танымайды екенмін. Зауал шаққа қадамы жақын, орыстың дінді ұмыттырусаясатына қызмет еткен азаматы ма деп ойласам,жап-жас жігітағасы екен. Егеменді елде ділі келіскен, діні дәмен жиырлы жұртпыз деп ойлапжүрген менің дәмем зор екен.

Мақалада Тұрарбекмырза Құраннан көп, мардымды дәлелдер келтіреді. Жасынға шығарар дүниелер емес,әрине. Бүкіл ислам әлемі мойындаған аяттар. Оған талас жоқ. Қынжылтатыны сол,дінді бөліп қарауы. Бөліп қарауы дегенім – Құранмен бірге Пайғамбар сүннетібірге жүретінін ескерместен жалпақ жұртқа елеп-екшелмеген өте шикі мақаласынжариялай салуы. Бәлкім танылғысы келді (хайп дей ме әлгі?), бәлки шыныменхалыққа отыз күн ораза тұтып қиналып жүрмесін деп жүректен жазды, дегенмен, бұл– зіпірлік, халықты адастыру, тоздыру.

Жалпы, құранда парызамалдардың қалай орындалатыны туралы толық көрсетілмеген. Оны айшықтайтынПайғамбар Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлеметі болсын) болсакерек-ті. Құранның «Әли Имран» сүресінің31-аятында «Мұхаммед (Алланың игілігімен сәлеметі болсын)  оларға: «ЕгерАлланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла сендерді жақсы көріп, күналарыңдыжарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де» десе,32-аятында «Және оларға: «Аллаға әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар» де. Егер оларбет бұрса, сонда Алла қарсы болушыларды сүймейді», — деп бажырайтып көрсетілгендіназарға алып, неге дұрыс насихат жасамасқа?!..

Ең сорақысымақалада «Шындығында, Рамазанда бір ай бойы оразатұту Құранда жоқ, бұл араб халқының ежелгі салт-дәстүрі ғана» — дегені. Біздіңхалық ислам дінін арабтарға ғана арналған деп ұғады-ау осы.  Ұнаймайтын немесе күнделікті өмірде сәлауыртпалық келтіретін хиджап, сақал, намаз іспетті дүниелерді солардың салтынателиді. Ақыры міне, бүйректен сирақ шығарып, отыз күн оразаны солардың салтысанап отыр. Ақыры солай екен, қазақтан пайғамбар сайлап алайық. Онсыз дахристиан, шаманизм мен исламды араластырып дүбара қылған дінді тағы ластапқазақизм дінін ашайық. Оразаны қысқартайық, намазды айына бір рет оқиық, анағақол көтерейік, қартты жалғыз тастайық, жемқорлықты күшейтейік, жаңа жылды бұданаса тойлайық, арақты көбірек ішейік, тағысын тағы. Тұрарбек мырза, бауырым, Аллақұранның «Мәида сүресінің» үшінші аятында мұсылмандарға «… Бүгінгі таңда кәпірлердіндеріңнен  күдерін үзді. Ендеше оларданқорықпаңдар, Менен қорқып, Менен ғана именіңдер! Міне, бүгін діндеріңдікемеліне жеткіздім, сендерге деген нығметімді тәмәмдадым және сендер үшін дінретінде Исламды таңдадым...» дейді. Сен – қара, мен –  сары деп бөлінуді құптамайды және исламарабтарға келген дін емес екеніне дәлел етпей ме.

Қасиеттіораза туралы дінде дәлел шаш етектен. Ел алдында жүрген азамат болсаң зіпірболып, құрына берудің не реті бар. Мына қыжал шақта қарашаны ұймаға тартып үйелетпей,үлпет болып үндемеші, жарқыным…

Ал, редакцияға өтінішім…

Менібір діннің «фанаты» көріп қалсаңыз да, оныңызға жол болсын демекпін. Қарсыемеспін, «фанаты» да емеспін және. Онсыз да дінге ындыны кеуіп шөлдеген халқымақас шығармаларды шығармасаңыздар екен. Оның орнына мәнді материалдаршығарсаңыздар.

Ренат САРТАЕВ,

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Фото: serke.org

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз