Түркияда өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген қазақстандық студент қыз жол апатынан көз жұмды
Түркияда өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген 18 жастағы қазақстандық қыз жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты. Қайғылы жағдай 15 маусым күні болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, бойжеткен қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген.
Марқұмның туыстарының айтуынша, оқиға болған түні оның денсаулығы күрт нашарлап, іші қатты ауырған. Танысы оны ауруханаға жеткізіп бара жатқан кезде жол апаты болған.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның туыстарына қажетті консулдық қолдау көрсеткенін хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, дипломаттар құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсеткен.