Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 04 Қыркүйек 2023

Түркияда қазақстандық журналист пен қызы жол апатынан қаза тапты

None
None

Түркияның Алания қаласында қазақстандық журналист пен оның қызы жол апатынан қаза тапты.

Бұл туралы TRT Haber  хабарлады.

Қайғылы оқиға 3 қыркүйекте болған. Екі көліктің соғысуы салдарынан үш турист қаза тапты. Басылымның мәліметінше, сафари көлігінде болған Қазақстан азаматы оқиға орнында, ресейлік турист пен 2 жасар қазақстандық қыз ауруханада көз жұмған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің өзінің Telegram-арнасында хабарлағанындай, белгілі журналист, «Зейін Атырау» балаларды оңалту орталығының негізін қалаушы Арайлым Бақытжан жол апатынан қаза тапқан.

«Ол Анталияда ірі жол апатына ұшырады. Онымен бірге кішкентай қызы да қайтыс болды. Ал күйеуі ауыр халде ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен келіссөздер жүргізіліп, емделуге барлық жағдай жасалып жатыр. Қаза тапқандардың мәйітін жеткізу жұмыстары да жүргізіледі Қаза болғандардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Тегтер: