Оқиғалар

«Түркиядағы жол апатынан қаза тапқан адам Қазақстан азаматы емес» – СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жол апатынан қаза тапқан Кубат Аманбековтің Қазақстан азаматы емес екенін мәлімдеді.

Кубат Аманбеков

Ведомствоның мәліметінше, Түркия тарапы ұсынған ақпаратқа сәйкес, марқұм Қырғызстан азаматы болған.

Еске салсақ, бұған дейін Түркияның Анталия қаласында велосипедпен келе жатқан 27 жастағы жігіттің таксимен соқтығысып, көз жұмғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейбір БАҚ оны Қазақстан азаматы деп хабарлаған болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз