Live

Түркістан облысында тастанды ғимараттан ер адамның мәйіті табылды

Түркістан облысында тастанды ғимараттан ер адамның мәйіті табылды. Күдікті ретінде 9-сынып оқушысы ұсталды

2

Қанды оқиға Төле би ауданына қарасты Ленгір қаласында болған. 24 мамыр күні қаладағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасы 20-дан асқан ер адамның денесі табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм Шымкент қаласының тұрғыны. Оны пышақтап өлтірді деген күдікпен 9-сыныпты енді аяқтаған жасөспірім қыз ұсталған.

Күдікті Төле би ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің оқушысы екені айтылды. Бұл ақпаратты аудандық білім бөлімі растаған.

Ал Түркістан облыстық полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз