Қоғам

Түркістан облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қыз сотталды

Түркістан облысының Сайрам ауданында жаңа туған сәбиін шұңқырға тастап, өліміне себеп болған қызға сот үкімі шықты.

Сот

Сот мәліметінше, қыз өзінің жүкті екенін туыстарынан жасырған және жүктілік бойынша медициналық есепте тұрмаған. Босану үйінде басталған.

Іс материалдарына сәйкес, ол әжетханада толық мерзімінде дүниеге келген тірі баланы шұңқырға тастап, үстін топырақ пен құммен жапқан. Салдарынан нәресте қайтыс болған.

Сотта қыз өз кінәсін толық мойындаған. Сот шешімімен оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз