Түркістанда әйелін пышақтап өлтірген ер адам кейін өзіне қол жұмсамақ болған
Түркістанда 54 жастағы әйел отбасындағы жанжалдан кейін пышақ жарақатын алып, ауруханада көз жұмды.
Көршілердің айтуынша, әйелді ауыр жарақатпен алғаш оның кіші ұлы байқаған. Анасының дауысын естіген жігіт бөлмеден шыққанда, оны қан-жоса күйде көрген. Ол дереу жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қала алмаған. Жәбірленуші жансақтау бөлімінде қайтыс болған.
Марқұм күйеуімен шамамен 25 жыл бірге тұрған. Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеген. Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, оқиғадан кейін әйелдің күйеуі де өзіне жарақат салып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол ауруханаға жеткізілген.
Қазір ер адам ұсталып, қамауға алынған. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.