Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:51, 23 Қазан 2023

Түркістанда балабақша жүргізушісі 5 жасар баланы қағып өлтірді

1
Фото: из открытых источников

Түркістанда жекеменшік балабақшалардың бірінің көлік жүргізушісі көлігімен 5 жасар баланы қағып өлтірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

«Кешкі уақытта жекеменшік балабақша тәрбиеленушілерін тасымалдап жүрген Hyundai Starex көлігінің жүргізушісі баланы үйінің жанындағы жолға түсірген. Балақай көліктің алдынан кесіп өтпек болған кезде жүргізуші оны байқамаған қалпы жүріп кеткен. Көлік дөңгелегінің астында қалған бала ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде қайтыс болды», - делінген полиция хабарламасында.

Жүргізуші қамауға алынып, көлік уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.