Қоғам

Тұрмыстық жанжалда құқық бұзушыларды қамауға алу екі есе өскен

ІІМ өкілі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты заңнамалық өзгерістер мен оның әсері туралы айтты.

ң

Былтыр тұрмыстық жанжал шығарушыларға қатысты жаза қатаңдатылды. 

Қазір полиция жәбірленушінің арызынсыз құқық бұзушылықтың жасалу фактісі бойынша іс қозғайды, сотта татуласуға бір-ақ рет мүмкіндік бар. Сондай-ақ сот шешімімен берілетін жазалардың санкциясы 5 тәуліктен 25 тәулікке дейін ұзартылды. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрмыстық жанжалдар бойынша полицияға келіп түскен шағымдар мен қоңыраулар саны 14%-ға, оның ішінде осы салада жасалатын қылмыстар саны 2%-ға төмендеді. Сәйкесінше, құқық бұзушыларды жауапқа тарту 51%ға, қамауға алу екі есе өсті, - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары Азамат Куримбаев айтты.

Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз