Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:11, 23 Сәуір 2024

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғандар жалақысыз демалысқа шыға алады

ч
Фото:

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғандар, дағдарыс орталығына орналасқандар 30 күнге дейін жалақысыз демалысқа шыға алады. 

Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде жұмыс берушілер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қызметкерге жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

«Жұмыс беруші тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда болған кезде қызметкерге жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын демалыс беруге міндетті», - делінген түзетуде.

Мұндай демалысты «арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы» шарттың көшірмесін және оның ұзақтығын көрсете отырып, демалыс туралы хабарламаны ұсыну арқылы алуға болады. Жаңа түзету 2024 жылдың 16 маусымында күшіне енеді.

Еске салайық, Президент Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңға 2024 жылдың 19 сәуірінде қол қойған болатын.

Фото: pixabay