Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:42, 15 Шілде 2024

ТЖМ басшылары 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

р
Фото: gov.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төтенше жағдайлар қызметіне қатысты жемқорлық фактілері туралы жариялады. 

Агенттік ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы және Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады. Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам бизнес өкілінен жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде, делінген хабарламада.

Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеті тоқтатылған.