Қоғам

ТЖМ құтқарушылары дронның көмегімен жоғалып кеткен қызды тапты

Бүгін түске таман 112 пультіне қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖМ

Хабарлаушының айтуынша, кеше олар Павлодар облысындағы Павлодарское ауылы маңындағы Ертіс өзенінің жағасында, Қайық станциясы ауданында түнеп демалған. Таңертең қызды таба алмай, өз беттерінше іздегенімен, нәтиже болмаған.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Аумақты шолу үшін дауыс зорайтқышпен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды. Құтқарушылар дрон арқылы бірнеше рет дауыс беріп, жоғалған қызға үндеу жасады.

Дауысты естіген 2003 жылы туған қыз жауап беріп, іздестіру тобына қарай қозғалған. Соның арқасында оның орналасқан жері қысқа уақыт ішінде анықталды. Табылғаннан кейін қыз полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Тегтер: ТЖМ Құтқарушы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз