Аймақ

Үй құстарына екпе жасалуда

Шымкент қаласында құс тұмауы ауруының алдын алу мақсатында үй құстарына жаппай екпе жасалуда.

Үй құстарына екпе жасалуда

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан Шымкент қаласына құс тұмауына қарсы 33 173 доза екпе бөлінді.

Вакциналар қаладағы 6 ветеринариялық бекетке таратылып, бүгінгі күні қала аумағындағы су қоймаларына жақын орналасқан үй құстарына құс тұмауына қарсы екпе жұмыстары басталды. Алдағы күндері аталған комитет тарапынан қосымша 70 000 доза екпе босатылатын болады.

Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күні құс тұмауы ауруы тіркелмеді және эпизоотиялық ахуал тұрақты.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз