ҰҚК терроризмге қатысы бар деген күдікпен төрт қазақстандықты елге депортациялады
Қазақстан ҰҚК шетелдік арнайы қызметтермен бірлесіп жүргізген операция нәтижесінде терроризмге қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген төрт қазақстандықты елге қайтарды.
Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер 7 және 12 мамыр күндері арнайы жасақтың бақылауымен Қазақстанға жеткізілген.
ҰҚК хабарлауынша, іздеуде жүрген азаматтар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынған. Олар қазақстандық тараптың сұрауы бойынша қолға түскен.
Қазіргі уақытта жеткізілген тұлғаларға қатысты қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қазақстан ҰҚК өзге ақпараттың ҚР ҚПК 201-бабы талаптарына сәйкес жарияланбайтынын мәлімдеді.