Қоғам

Үкімет Нұра су құбырын жөндеуге 3,1 млрд теңге бөлді

Үкімет Нұра топтық су құбырын реконструкциялауға резервтен 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Үкімет

Ұзындығы 337 шақырым Нұра топтық су құбыры – Ақмола облысының Егіндікөл, Қорғалжын және Атбасар аудандарының 24 елді мекенін сумен жабдықтаудың баламасыз жалғыз су көзі. Бұл ретте 1967 жылы салынған магистральдық желінің пайдалану уақыты тиісті мерзімінен 2 есе асып кеткен. Су құбырының тозуы 90%-ға жеткен. Әсіресе, Қорғалжын және Егіндікөл аудандарының аумағы арқылы өтетін учаскеде жағдай күрделі. Ол жердегі негізгі құрылыстарды дереу ауыстыру және реконструкциялау қажет.

Қаулы Премьер-Министрдің 2024 жылғы 14 мамырдағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Үкімет резервінен қаражат Нұра топтық су құбырын (1-кезек, 1 және 2 іске қосу кешендері) қайта жаңартуға бағытталады. Бұл құрылыс-монтаж жұмыстарын, техникалық және авторлық қадағалауды қамтиды, делінген хабарламада.

Үкімет жалпы көлемі 1,9 млрд текше метр болатын қолданыстағы 15 су қоймасын реконструкциялауды жоспарлап отырғанын айтады.

Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз