Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 14 Мамыр 2024

Үкімет су тасқыны жағдайын күн тәртібінен тыс қайта қарады

ы
Фото: из открытых источников

Үкімет отырысында батыс өңірлердегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Осы аптада Атырау облысында су тасқынының шарықтау шегі болады деп болжанып отырғаны айтылды.

Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейі Индербор және Махамбет кенттеріндегі су бекеттеріндегі қауіпті белгілерден асып түсті. Қазіргі уақытта өңірде аумаққа топырақ үю, құм толтырылған қапшықтар төсеу, топырақтан біліктер салу және су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еліміздің сегіз өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталуда. Ақтөбе облысындағы екі елді мекенде әлі де көлік қатынасы жоқ. Тұрғындар азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, деді вице-премьер Бозымбаев. 

Оның айтуынша, су басқан аймақтардан 119 мыңнан астам адам, оның ішінде 44 мың бала эвакуацияланды. Бүгінгі таңда 55,6 мың адам өз үйлеріне оралды. Әзірге эвакуациялау бекеттерінде 5 мыңға жуық азамат қалған.

Су тасқыны салдарынан елімізде 12 908 тұрғын үйді су басты, оның ішінде үш өңірде әлі 264 үй су астында қалып отыр. Сондай-ақ 18 025 саяжай үйі бар 25 921 саяжай учаскелерін су басты.Төленген қаражаттың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады. 680 отбасына 362 млн теңге көлемінде келтірілген материалдық шығын өтелді. Электр жарығынсыз отырған ауылдарда жөндеу жұмыстарын тездету керек, делінген хабарламада.

Үкіметтің айтуынша, Жайық өзеніндегі қауіпті деңгейден асып кеткен Индербор және Махамбет елді мекендеріндегі жағдайды бақылауға алу керек.

Фото: ҚР Үкіметі

Тегтер: