Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:51, 17 Мамыр 2024

Үкімет Ұлытау облысының әкімдігіне 4,8 млрд теңге бөледі

d
Фото: из открытых источников

Үкімет Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңгеден астам қаражат бөледі, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Ұлытау облысының әкімдігіне Жезқазған қаласының Батыс ауданының жаңа ықшам ауданына кәріз желілерін, магистралды су құбыры мен магистралды жылу желісін салу үшін ҚР Үкіметінің резервінен 4,8 млрд теңгеден астам қаражат аударылады, делінген хабарламада.

Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін қалада Батыс ауданында жаңа тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысан, оның ішінде 1200 орынға арналған мектеп құрылысы басталған. Нысанды 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отырғаны айтылды.

Фото: ortalyq.kz