Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:17, 19 Наурыз 2024

Ұлытау облысында экологиялық апат болып, 2,5 мыңға жуық жылқы өлді

жұт
Фото: из открытых источников

Ұлытау облысының бірнеше аймағында аяз салдарынан екі жарым мыңға жуық жылқы үсіп өлген. Бұл туралы журналист Динара Сәтжан мәлімдеді.

Журналистің айтуынша, күн жылынса, мал өлексесі іріп-шіріп жаппай ауруға әкеледі. Сондықтан жылқышыларға шұғыл көмек қажет.

Менің туған Жаңаарқамда және Ұлытау өңірінің басқа да көптеген ауылдарында экологиялық апат басталып жатыр. Қыста аязда жылқылар корек табамын деп, тұяқтары мұз астында қатып қалды.
Екі жарым мың жылқыдай үсіп өліп жатыр.
Жылқышыларға шұғыл көмек керек!!!
Өйткені күн жылып қар еріген кезде мал өлексесі іріп-шіріп жаппай ауруға әкеледі!
@tjm_mchs Жаңаарқаға шұғыл түрде бару керек. Әйтпесе үлкен биологиялық апат күтілуде!!!

Ұлытауға көмектесетін депутаттарымыз қайда?!, деп жазды ол.

Фото: dinarasatzhan