Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:33, 12 Ақпан 2024

Ұлытау облысының мәдениет басқармасының басшысы 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

жемқорлық
Фото: из открытых источников

Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zhasalash.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Ол облыстағы көне қорымдарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу және жалпы қамқорлық үшін мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт бойынша актілерге қол қойған мердігерден 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Шенеунік қамауға алынды.