«Ұр, тоқпақ!» спектаклінің тәрбиелік мәні
Алматы қаласындағы Мемлекеттік қуыршақ театры сахнасындақойылған «Ұр, тоқпақ!» спектаклі – қазақ халқының бай ауыз әдебиетініңнегізінде сахналанған мазмұнды әрі көркем туынды. Қойылымның режиссері– Еркебұлан Қабдыл.
Бұл спектакль ұлттық ертегінің мазмұнын сақтайотырып, оны заманауи сахналық тәсілдер арқылы көрерменге әсерлі жеткізеалған.
«Ұр, тоқпақ!» ертегісі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын және адамгершілік құндылықтарын бейнелейді. Спектакльдеосы идеялар толық сақталып, сахна тілі арқылы терең ашылған. Басты кейіпкер – қарапайым, адал, бірақ аңғал адам. Оның қолына түскен сиқырлызаттар арқылы оқиға өрбиді. Алайда оның аңғалдығын пайдаланған айлакеркейіпкер оны алдап, барлық байлығын тартып алады.
Қойылымдағы негізгі тартыс – жақсылық пен. жамандықтың күресі. Бұл тартыс арқылы көрермен адам бойындағы түрлі қасиеттерді байқайды. Әсіресе, сенгіштік, аңғалдық, ашкөздік және қулық сияқты мінездер анықкөрсетіледі. Режиссер бұл мінездерді қуыршақтар арқылы шебер жеткізебілген.
Қуыршақ театрының ерекшелігі – кейіпкерлердің қуыршақ арқылыбейнеленуі. Бұл спектакльде әрбір қуыршақтың бейнесі ерекше мәнге ие. Олардың қимыл-қозғалысы, сыртқы келбеті, мінезі – барлығы көрерменгекейіпкердің ішкі жан дүниесін жеткізеді. Актерлердің кәсіби шеберлігіқуыршақтарды «тірілтіп», оқиғаға жан бітіргендей әсер қалдырады.
Әсіресе, «тоқпақ!» бейнесі ерекше назар аудартады Ол жай ғана құрал емес, әділдіктің символы ретінде көрсетілген. Қойылымның шарықтау шегінде «Ұр, тоқпақ!» әділеттілікті орнатып, зұлымдықты жазалайды. Бұл көрініс көрерменге ерекше әсер қалдырып, ертегінің негізгі идеясынайқындайды..
Сахналық безендіру де спектакльдің маңызды бөлігі болып табылады. Қойылымда ұлттық нақыштағы декорациялар қолданылған. Қазақы тұрмыс, дәстүр элементтері сахнада үйлесімді көрініс тапқан. Бұл көрерменді ертегіәлеміне енгізіп, оқиғаға деген қызығушылығын арттырады.
Музыкалық сүйемелдеу мен жарық қою да жоғары деңгейдеорындалған. Музыка әр көріністің көңіл-күйін дәл жеткізіп, кейіпкерлердіңәрекеттерін толықтырып тұрады. Ал жарық эффектілері сахнадағы оқиғаныңәсерін күшейтіп, драматургиялық шешімдерді айқындай түседі.
Режиссер Еркебұлан Қабдыл қойылымда ұлттық дәстүр мен заманауитәсілді үйлестіре отырып, ерекше стиль қалыптастырған. Ол көрерменге тек ертегіні көрсетіп қана қоймай, оның астарындғы терең мағынаны жеткізугетырысқан.
Спектакльдің тәрбиелік мәні өте зор. Ол көрерменді адалдыққа, әділдікке, сабырлылыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар, ашкөздік пеналдаудың түбі жақсылыққа апармайтынын көрсетеді. Бұл бүгінгі қоғам үшінде өзекті мәселе.
Қорытындылай келе, «Ұр, тоқпақ!» спектаклі – ұлттық мұраны жаңғыртқан, көркемдік деңгейі жоғары, тәрбиелік мәні терең туынды. Бұл қойылым көрерменге ерекше әсер қалдырып, қазақ ертегілерініңөміршеңдігін дәлелдейді. Мұндай спектакльдер жас ұрпақтың руханидамуына зор үлес қосады.
Әсіпбай Нұрдәулет
Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА
«Театртану» бөлімі. 1 курс