Үрейлі үш тілділік
Ресей мемлекетінің тарихын жазған,түбі түркі Н.М.Карамзин «Тарих халықтың нағыз қасиетті кітабі» деген еді.
Әріөз ойын ары қарай сабақтай түседі. «Тарихты қарапайым азаматтар да оқуы керек». Яғни, ол – Құран, Інжіл, Таурат сияқтытаусылмайтын мәңгілік кітап. Осы тұрғыда славян тілінің қалыптасып, кириллицаның дүниеге келуі туралы не білеміз?Осыған орай славяндық сана-сезімді оятқан Кирилл мен Мефодий туралы білгеніміз жөн. Олар кімдер? Тектері қайданшыққан? Жауаптан гөрі сұрақ көп. Дегенмен, түп-тұқиянынан олардың таза орыстұқымынан шыққанын дәлелдеу қиын.
Бір деректерде олардыңәке-шешелері – «гректер», бір деректерде – «славяндықтар», бір деректерде «мадьярлар» деп аталып жүр. Ал мадьярлардыңқыпшақтық тегі тарихи ақиқат. Қалай болғанда да, қазіргі әңгіме олардың тегіемес, ілімі туралы болмақ.
… Византияның гүлденіп тұрғаншағы еді. Славяндар Латындар мен Франктарға тәуелді болды.
861 жылы князь Ростиславжекпе-жекте ұлы князь Мохимирді өлтіреді. Одан соң Ростиславтың немере інісіСвятослав таққа отырды. Олар қалай да неміс ықпалынан шығуды мақсат етеді.
Ростислав – шоқынды. Өз ұлысынсақтау үшін Римге емес, православие дініндегі Моравия мен Византияға арқа сүйейді.
Осындай аумалы-төкпелі уақытта 863-жылыМоравия мен Велеградка (Градишка)ағайынды Кирилл мен Мефодий, МихаилІІІ-нің тапсырмасымен Славяндарға келеді.Әрине, Ростиславтың шақыруымен. Өйткені, Ростислав дін мен ана тілін саясаттың төріне шығаруды мақсат еткен болатын.
Ана тілін көтеру – ұлттық рухтыкөтеру. Сондықтан да Франктық әскерлер – Моравияға шүйлікті. Осылай 864 жылыРостиславты тәубеге келтірді.Шоқындырды. Бірақ ол екі жыл өткен соң король Людовиктің баласымен одақтасып, қайтақарулы қақтығысқа шықты. 869 жылы Моравия мен Паннияны шарпыған соғыс қимылдары солтүстік Сербияға ауды. Осылайтарих сахнасына атақты Святослав Нитранскийшығады. Ол өз немере ағасы Ростиславқа сатқындықжасады. Ал Людовик болса оның көзін ойып, зынданға салады.
Светополк күш жинап, немістергеқарсы чехтармен бірлесе отырып, соғысқа шығады. Енді славяндар рухын көтеруқиынға түскен жоқ. Бірақ санадағы немістік рухты жою үшін жаңа тіл, жаңа әліпбиқажет болды. Міне, осылай тарих сахнасына Кирилл мен Мефодий шығады.
Гректер христиандық құндылықтардытарату үшін Копт, Армян, Славян, Хазар, Гот тілдерін пайдаланды. Осылай тілбайыды. Тіл өзге ұлттарды бір дінге ұйыстырды. Әрі гректер өздерінің Латынжәне Еврей тілдерін байытты. Олар өз крестерінеүш тілде – Еврей, Грек және Рим тілдерінде жазба қойды.
Кирилль 869 жылы өмірден өтті.Оған «әулие Кирилль» деген ат берілді. Ол өлер алдында інісіне:
– Мефодий, үш тіл деген сандырақты ұмытыңдар. Римде Пилат тұсынан бері қалыптасқан үш тілділікдеген ұғымды құртыңдар. Тәңіршілдерді христиан дініне енгізуге тыйым салыңдар, — деп аманат айтты.
Үш тілділік үрейі осылайорнықты. Бұл кезде Византия басқа саясат ұстанды. Олар діни уағыздарды әр ұлттың өз тілінде жүргізе бастайды. Бұл — Римге де жетті. Енді Інжіл (Евангелие), Римнің уағызында, тірі тілдер арасынатаратыла бастайды. Мұсылмандар, Финн-Угор тәңіршілдері, түркі тайпаларықасиетті кітап арқылы шоқындырылып жатты.
Хазар қағаны арийлік, мұсылмандық, болмаса иудейлік дінді ұстау керек пе деген сұрақ астында қалды. Ол Византия Королінен мұғалімжіберуді сұрады.
Ағайынды Кирилль менМефодий Корсунға, қазіргі Севастопольгекеледі. Олар Славяндар арасында христиан дінін таратуға, уағыздауға зормүмкіндік алды. Бір дінге кіріктіру үшін Славян Әліпбиін жасады.
Латын тілі — өлді.
855 жылы Кирилль мен МефодийГрек, Латын, Еврей әліпбиінің негізінде Славян әліпбиін жасады. Ең алдымен,Славян әліпбиін кіріктіріп, ортақ мүддеге пайымдалану үшін Евангиелік псальмдарды, діни уағыздау кітаптарын Славянтілінде шығарып, тарата бастады. Осылай славян әліпбиі Кириллица болыпқалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.
Кеңестер одағы тұсында Латынәліпбиіндегі біраз республикалар күшпен кириллицаға көшірілді. Мәселе әліпбиде емес, ол сол тілдің негізі болыптабылатын елдің рухани экспансиясында. Тұтас бір ұлттық республика халықтарыныңрухтық санасына әсер ету саясатыжүргізілді.
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,
Филология ғылымдарының докторы,
ҰҒА академигі