Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:43, 17 Наурыз 2021

Ұшақ апатынан аман қалған екі әскеридің жағдайы әлі де ауыр

None
None

Алматыдағы ұшақ апатынан аман қалған жігіттің жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев былай деді:  

«Екі науқастың да жағдайы ауыр, екеуі де шок күйінде.

Олардың бірі 1990 жылы туған жігіт. Оның біріккен жарақаттары, жабық краниоцеребральды жарақат, кеуде және аяқтың төменгі сүйектерінің көптеген сынықтары бар. Іште жарақат бар, кеуде қуысының жарақаты және өкпесі де зақымданған. Денесінің 15%-ы күйген. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты. Бірақ науқастың күйік жарақаты болғандықтан қауіп бар екенін түсінуіміз керек. Біз асқынулардан қорқамыз». 

Табынбаевтың түсіндіруінше, дәрігерлер науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Реаниматолог, травматолог, хирургтар мен өзге де тәжірибелі мамандар жұмылдырылған.

Еске салайық, 13 наурызда Алматы әуежайы маңында  ҚР ҰҚК тиесілі АН-26 ұшағы құладыАпаттан соң өртке оранған ұшақтың бортында ҰҚК-нің алты офицері болған. Құлаған ұшақтың кесірінен майор Ғабит Барлықбаев (36 жаста), сержант Евгений Васильков (35 жаста), аға лейтенант Мұхтар Сағынбаев (26 жаста) және капитан Досжан Баймұратов (35 жаста) оқиға орнында қайтыс болды. Кеше, 15 наурызда қаза тапқан әскери қызметшілер жер қойнына тапсырылды. 

Ұқсас материалдар: Аспанға ұшқандар неге ажал құша береді?

Ұшақ апатынан көз жұмған әскерилерді жерлеу рәсімі өтті

Алматыдағы ұшақ апатынан аман қалғандардың жағдайы айтылды (видео)

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімі жарияланды

Тегтер: