18:15, 28 Ақпан 2024
Ұйқының сапасына қандай өнімдер әсер етеді: дәрігер жауап берді
Майлы, ащы тағам салдарынан қыжыл пайда болып, ұйықтау қиындайды. Ұйықтар алдында айран ішіп, шие, асжапырақ, пісте жемісі, палтус жеген жөн.
Ұйқының сапасына әсер ететін өнімдер аталды. Дәрігер Елена Малышева ұйқысыздықтан зардап шегіп жүрген адамдарға, ең алдымен, алкогольден бас тартуға кеңес берді.
Сондай-ақ, кофе де ұйқы режиміне кері әсерін тигізеді. Біріншіден, ол әлсіз психостимулятор, екіншіден, ағзадағы несепті айдайды. Соның әсерінен ұйқы 20 минут сайын бұзылады.
Майлы, ащы тағам салдарынан қыжыл пайда болып, ұйықтау қиындайды.
"Егер ұйқыңыз бұзылса, тағам мәзіріне ден қойыңыз", - деді дәрігер.