«Үйшік» спектакльінің тәрбиелік мәні
Антон Зайцев – қазақ қуыршақ театрына жаңашыл идеялар енгізіп жүрген режиссер. Оның қойылымдары тәрбиелік мәні терең, заманауи әрі көрерменге әсерлі болып келеді. «Үйшік» – орыс халық ертегісі желісімен қойылған түрлі-түсті, әсерлі спектакль.
Кішкентай көрермендер сиқырлы орманға саяхат жасап, оның тұрғындарымен достасады. Әр жануар өзіндік ерекшелігі бар, өзіндік оқиғасы және өмірлік ұстанымы бар десек кателеспеспіз. Олардың баспанасы – алып саңырауқұлақтан жасалған үйшік. Орман мекендеушілерінің әрқайсысы балаларды көңілді ойындарға, биге, сергіту жаттығуларына және саңырауқұлақ теруге баулиды. Спектакль барысында балалар ертегіге енгендей сезім алады. Ертегіні жай ғана естіп жүрген бала үшін, өз көзімен көру кайталанбас әсер береді. Актерлар спектакль бойы еркін стильде жүреді, ол еркін сөздер, қимылдар және Актерлар тарапынан қойылған импровизациялық әзілдер, көрермендер 3+ жастан басталғанына қарамастан, келген көрермендерге байланысты тапқырлық әрекеттер болады.
Қойылымның негізгі идеясы – мейірімділікке, татулыққа және қонақжайлылыққа тәрбиелеу. Себебі тек бір-біріне қамқор болғанда ғана кішкентай үйшікке үлкен аңдар да сыйып, бірге өмір сүре алады. Әр саңырауқұлаққа келген жануар бәрін жаңа дағдыға, ұстанымға үйретеді, өмірде осылай болуы мүмкін, және сол сәтте дәл осындай әрекет жасау керек дегендей танымдық сөздері айтылады. "Көңіл сыйса, бәрі де сияды" деген
тіркесті анық көрсетеді. Балаларға арналған қойылым болғанына қарамастан, үлкен өмірлік сабақ береді.
Спектакль жап-жарық әрі көтеріңкі рухта өтеді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге оқиғаға араласып, оларға барлық кедергілерді еңсеруге жәрдемдеседі. Мысалы жауын жауған сәтте тамшылармен бірге билеу, барлықтарды ойын бойынша жинау, жаттығу жасау тағысын тағы.Ерекше әсер беретін ол режиссер А. Зайцевтін анасының қолынан жасалған қуыршақтар.
Әрине де дәл осы тоқылып жасалған ойыншықтар спектакльды ертегі ретінде ашатыны анық. Көрермендер спектакльден қуанып, ойнап - күліп шығады, балалар ғана емес ата-аналар да жарқын көңіл күйде болады. Жалпылай айтқанда дәл осы “Үйшік” қойылымы театр репертуарында таптырмас туынды.
Жеңісқызы Айдана
Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА
\«Театртану» бөлімі. 1 курс