Видео

Ұзынағаштағы атыс: Оқиға куәгерлері мән-жайды айтты

Алматы облысының полицейлері Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді. Куәгерлердің айтуынша, кісі өліміне дейін тараптар арасында ұзаққа созылған араздық болған.

Ұзынағаштағы атыс: Оқиға куәгерлері мән-жайды айтты

«Төбелеске қатысушы қос тарап мектеп қабырғасынан бастап араз болып, бүгінгі күнге дейін бір-бірін жаратпай келген. Соңғы жанжал кезінде күдікті атыс қаруын қолданған. Салдарынан біреуі қайтыс болып, қалған екеуі жарақат алды», — делінген хабарламада. 

ҚР ІІМ Ұзынағаштағы жас жігіттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді. Қазір өңір полицейлері күдіктілерді іздестіру бойынша арнайы іс-шаралар өткізіп жатыр.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз