Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:42, 27 Ақпан 2024

Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін ратификациялады

Венгрия
Фото:

Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруі туралы келісімді мақұлдады.

«Мен Венгрия парламентінің Швецияның НАТО-ға мүшелігін ратификациялау туралы дауыс беруін құптаймын. Енді барлық одақтастар бұл шешімді мақұлдады, Швеция НАТО-ның 32-ші одақтасы болады. Швецияның мүшелігі бәрімізді күштірек және қауіпсіз етеді», - деді НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Венгрия бүгінге дейін Швецияны альянстың жаңа мүшесі ретінде бекітпеген НАТО-ның жалғыз мүшесі болып қала берді.

Тегтер: