Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:53

Вильнюс әуежайы маңында DHL компаниясының жүк таситын ұшағы құлады

1
Фото:ашық дереккөз

25 қарашада DHL компаниясының жүк ұшағы Вильнюс әуежайына қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлады жергілікті билік.

Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты. Boeing 737 Литва астанасына Лейпцигтен ұшқан.

Ұшақ екі қабатты тұрғын үйдің жанына құлап, оқиға орнында  өрт шыққан. Әуежайдың өкілі Reuters агенттігіне оның Boeing 737-400 ұшағы екенін айтқан.

"Ұшақ үйге емес, аулаға құлағаны жақсы болған", - дейді Өрт қауіпсіздігі басқармасының басшысы Ренатас Пожела.

Оның айтуынша, экипаждың төрт мүшесі табылды, оның ішінде екі ұшқыш бар, олардың біреуі қаза тапқан.

"Медицина қызметкерлері ауруханаға екі адамды жеткізді, олардың біреуі көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар ұшақта болған адамдар", - деп хабарлады өрт сөндіру қызметінің өкілі Саулиус Рашевский.

Полицияның мәліметінше, төрт пәтерде үш отбасы тұратын екі қабатты тұрғын үй апат салдарынан зақымданған. Өрт сөндірушілер 12 адамды эвакуациялаған, зардап шеккендер жоқ.

Flightradar24 қызметінің хабарлауынша, Boeing 737 жүк ұшағы Лейпцигтен жергілікті уақыт бойынша 02:08-де ұшқан. Ұшақ 1993 жылы шыққына, оның операторы испандық Swiftair әуе компаниясы болған. Оны халықаралық компаниялар DHL компаниясының тауарлары мен құжаттарын тасымалдау үшін пайдаланған.

Тегтер: