Live

Вячеслав Ким Alatau City-де $100 млн көлемінде эндаумент-қоры бар хаб ашады

Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылардың бірі Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды AÑSA HUB жобасын іске қосатынын мәлімдеді.

Ким

Хаб жобаларын қаржыландыру үшін көлемі $100 млн болатын эндаумент-қор құрылады.

AÑSA HUB білім беру және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, ғылымды дамыту мен коммерцияландыруға, венчурлік инвестицияларға бағытталады. Сонымен қатар ғылым, өнер, мәдениет және спорт салаларындағы жобаларға гранттар беру жоспарланған.

Жобаға Қазақстан мен Орталық Азияның ғалымдары мен университеттері, шетелдік зерттеушілер және инвесторлар тартылмақ.

Вячеслав Кимнің айтуынша, хабтың мақсаты - Қазақстанды таланттар мен инновациялық жобалар үшін халықаралық орталыққа айналдыру.

AÑSA HUB өкілдері қаржыландыруға өтінім қабылданбайтынын атап өтті. Жоба командасы қаржыландырылатын жобаларды өздері іздеп, іріктейтін болады.

Тегтер: каспи банк
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз