Қоғам

Forbes Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің тізімін жариялады

Forbes Kazakhstan Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің жаңа рейтингін жариялады. Биылғы тізімде Вячеслав Ким бірінші орынға көтерілді.

Владимир Ким мен Вячеслав Ким

Ким бұл рейтингте 2023 жылы да көш бастаған болатын. Осылайша кәсіпкер араға бірнеше жыл салып, қайтадан бірінші орынға шықты.

Үздік ондыққа енген кәсіпкерлер қатарында Болат Өтемұратов, Тимур Құлыбаев, Нұрлан Смағұлов, Шахмұрат Мүтәліп, Тимур Турлов, Нұрлан Артықбаев, Андрей Лаврентьев, Айдын Рахымбаев және Владимир Ким бар.

Биылғы рейтингке төрт жаңа есім қосылған. Олар – Шахмұрат Мүталіп (5-орын), Нұрлан Артықбаев (7-орын), Құдрат Шамиев (19-орын) және Алмаз Әлсенов (40-орын).

Forbes Kazakhstan бұл рейтингті кәсіпкерлердің капиталы, компанияларындағы қызметкерлер саны, бюджетке төлейтін салық көлемі және сарапшылардың бизнесмендердің ықпалына берген бағасы негізінде жасаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз