Қоғам

"Яндекс Go"-дағы ақау: inDrive бағаны негізсіз көтергені үшін ескерту алды

11 қазанда "Яндекс Go" сервисінің уақытша жұмыс істемей қалуы такси нарығындағы сұранысты өзгертті.

такси қазақстан

Көлік іздеген жолаушылардың көбі inDrive қызметіне жүгінген. Соның салдарынан жүргізушілер жетіспей, кейбір бағыттар бойынша жолақы үш есеге жуық қымбаттағаны хабарланды.

inDrive бағаның шектен тыс өсуін тежеуге тырысқан. Компания комиссияны ең төменгі деңгейге түсіріп, жүргізушілер мен жолаушылардың сапар құнын өзгерту мүмкіндігін шектеген.

Алайда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сервиске ресми ескерту жолдады. Ведомство негізсіз баға өсімі жолаушылардың құқықтарын бұзуы мүмкін екенін атап өтті.

Агенттіктің ескертуі алдын алу сипатында берілген. Компанияға бәсекелестік талаптарын сақтау және тұтынушылардың мүддесін қорғау қажеттігі еске салынды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз