Оқиғалар

Зайсан көлінде жоғалып кеткен екі балықшының денесі табылды

Шығыс Қазақстанда Зайсан көлінде балық аулауға шығып, жоғалып кеткен екі ер адамның денесі табылды.

Құтқарушылар

22 қыркүйекте 1979 және 2001 жылы туған екі ер адам көлге балық аулауға кеткен. Алайда олар белгіленген уақытта қайтып оралмаған. Іздестіру жұмыстарының алғашқы күнінде жағалаудан 3-4 шақырым жерден суға батқан қайық табылды.

29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған ер адамның денесін тапты. Ал 30 қыркүйекте құтқарушылар 1979 жылы туған екінші балықшының денесін судан алып шықты.

Құтқарушылардың жұмысын қолайсыз ауа райы, қатты жел, биік толқын және тексерілуі тиіс су аумағының үлкендігі қиындатқан.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз