Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:12, 24 Қыркүйек 2024

Зеленский БҰҰ-да Ресей жаһандық бірлікті бұзуға тырысып жатқанын айтты

f
Фото: Getty Images

БҰҰ штаб-пәтерінде өтіп жатқан «Болашақ саммитінде» сөйлеген Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мен оның одақтастары жаһандық бірлікті бұзуға тырысып жатқанын айтты.

Өзінің қысқаша сөзінде Зеленский Ресейдің аталған саммиттің жұмысына қарсылық көрсету әрекетін атап өтіп, «Болашақ пактінің» қабылдануына үлес қосқан елдерге алғысын білдірді. Ол Украинаның соғысты тоқтату үшін жасап жатқан қадамдары: бейбітшілік формуласы, халықаралық бейбітшілік саммиті және екінші бейбітшілік саммитіне дайындық туралы айтты.

Бәріңіз көріп отырсыздар, кімнің жаһандық бірлікке нұқсан келтіру үшін белсенді түрде жұмыс істеп жатқанын. Бұл жолы Болашақ пактісі бойынша жұмыс барысында Ресей бастаған жеті сыбайластан тұратын шағын топ қайтадан жойқын әрекет жасады. Олар әрқашан кез келген жаһандық бастамаларға қарсылық көрсетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы «Біріккен Ұлттар Ұйымы барлығының игілігі үшін жұмыс жасауға тырысқанда, бұл топ әрқашан осылай қарсы әрекет етті және оны бәріңіз көріп отырсыздар», - деді ол.

Президент Украинаның екінші саммитті өткізуге дайындалып жатқанын еске салды.

«Біз қазір екінші бейбітшілік саммитіне дайындалып жатырмыз, біз өз әріптестерімізбен бейбітшілік формуласы бойынша алға жылжып жатырмыз және біз Ресейді оның террорлық әрекеті үшін жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша жұмыс істейміз. Сондай-ақ, бейбітшілік формуласының барлық басқа тармақтары, соның ішінде тұтқындарды босату, аумақтық тұтастықты қалпына келтіру және тағы басқалар бойынша жұмыс істейміз», - деп қосты ол.

Зеленский барлық елдерді Украинаның әділ және бейбіт болашақ жолындағы күш-жігерін қолдауға шақырды.

«Мен барлық мемлекет басшыларын әділ және бейбіт болашақ үшін бірлескен күш-жігерімізді жалғастыруға шақырамын», - деді Украина президенті.

Соңында Зеленский: «Путин көп нәрсені ұрлады, бірақ ол ешқашан бүкіл әлемнің болашағын ұрламайды» деді.

Бір күн бұрын БҰҰ Бас ассамблеясы 21 ғасырдың сын-қатерлерін шешу үшін әлем елдерін біріктіру жоспарын бекітті. Бұл сын-қатерлер климаттың өзгеруі мен жасанды интеллекттен бастап қақтығыстардың күшеюіне және теңсіздік пен кедейліктің артуына дейін созылады.

«Болашақ пактісі» деп аталатын 42 беттен тұратын құжат БҰҰ-ға мүше 193 елдің басшыларын уәделерді планетаны өзгертетін нақты әрекеттерге айналдыруға шақырады. Мақсат – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету, инклюзивті қоғамның дамуына жәрдемдесу және технологияның жалпы адамзат игілігіне қызмет етуін қамтамасыз ету.

Пакт 22 қыркүйекте екі күндік «Болашақ саммитінің» ашылуында қабылданды. Ол сонымен қатар Жаһандық цифрлық шарт пен болашақ ұрпақ туралы декларациямен бірге жүреді. Біріншісі цифрлық технологиялар мен олардың қолданылуына қатысты болса, екіншісі әр ел өз ұрпағын түрлі апаттардан құтқару үшін міндеттемелер алуға шақырады.

Құжатты қабылдауға Ресей, сондай-ақ Солтүстік Корея, Никарагуа, Сирия, Судан, Иран және Беларусь қарсы болды. Ресей Жаһандық Оңтүстік елдерін ұжымдық Батыстың араласуынан қорғау үшін құжатқа түзетулер енгізуге тырысты.

Айта кетейік, Владимир Зеленский бір күн бұрын АҚШ-қа барды. Болашақ саммиті аясында ол әлем көшбасшыларымен, атап айтқанда Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар ол АҚШ президенті Джо Байденмен және екі партияның президенттікке үміткерлерімен кездеседі деп жоспарланған. Зеленский оларға бес тармақтан тұратын «жеңіс жоспарын» ұсынуға уәде берді.