Live

Жамбыл облысында екі жасөспірім сарайдан өлі күйінде табылды

Жамбыл облысының Қордай ауданында тоғызыншы сыныпта оқитын екі жасөспірімнің мәйіті сарайдан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Centralmedia24 хабарлады.

суицид

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 сәуір күні таңғы сағат 06:00 шамасында Қаракемер ауылында болған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 10 сәуір күні кешке 16 жастағы қыз тоғыз қабатты үйдің шатырына шығып, секіруге әрекеттенген. Алайда полиция қызметкерлері дер кезінде анықтап, оны райынан қайтарды. Қатты күйзеліске түскен жасөспірім есінен танып қалған. Құқық қорғау органдары оны есін жиғызғаннан кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз