Оқиғалар

Жамбыл облысында кене шаққаннан ер адам қайтыс болды

Жамбыл облысында кене шағуынан кейін Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған ер адам көз жұмды.

Кене

Қайғылы жағдай Шу ауданында тіркелген. Мамандардың мәліметінше, науқас медициналық көмекке кеш жүгінгендіктен, ауру асқынып кеткен.Қазіргі уақытта өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Арнайы қызметтер кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды табиғат аясында және жануарлармен байланыс кезінде сақ болуға шақырып отыр.

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің айтуынша, қауіпті жәндіктерді ұсақ мал тасымалдауы мүмкін.Департамент басшысының орынбасары Нелли Муликова тұрғындарға ашық түсті киім киюге кеңес берді. Оның сөзінше, мұндай киімде кенені тез байқауға болады.

Мамандар егер адам өз денесінен кене байқаса, дереу емханаға қаралу қажет екенін ескертеді. Себебі дәрігерлер бақылауы аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ алғашқы белгілер байқалған сәттен бастап емді кешіктірмей бастау маңызды.

Дәрігерлер қазіргі таңда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы арнайы вакцина жоқ екенін атап өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз